© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

«Жаңа өмірге» екі соқпақпен: Қазақстанда протестантты шіркеудің үш пасторын айыптады

Қазақстанда үкімет «Жаңа өмір» деп аталатын  үлкен протестантты шіркеуді қолға түсіріп, жеңіске жеттіҮш пастор шіркеудің садақаларын жинағаны үшін бірқатар айыптар бойынша жауапқа тартылды.


Подпишитесь на наш канал в Telegram!


Қазақстанда үкімет «Жаңа өмір» деп аталатын  үлкен протестантты шіркеуді қолға түсіріп, жеңіске жеттіҮш пастор шіркеудің садақаларын жинағаны үшін бірқатар айыптар бойынша жауапқа тартылды.

Осы жылдың 29 шілдесінде Алматы аудандық соты «Жаңа өмір» аталатын простестантты шіркеудің  осы үш пасторына үкім шығарды.  Шіркеудің жетекшісі және пастор Максим Максимовты бес жылға бас бостандығынан айыруға талаптанды. Оның жұбайы әрі шіркеу қызметкері Лариса Максимова  әрі оның орынбасары, пастор Сергей Заткинді төрт жылға соттауға талпынды.

Олардың барлығына Қылмыстық кодекстің үш бабына сәйкес: Қасақана денсаулығына ауыр зиян келтіру», «заңсыз бизнес», «заңсыз қоғамдық және басқа бірлестіктерді құру немесе олардың қызметіне қатысу» бойынша айып тағылды.

Діни қызметкерлерді сотқа тартуға бұрынғы тоғыз приходшылардың  арыз жазуы  себеп брлған.  Олардың айтуынша, олар уағызшылардың психологиялық және психотерапевтік әсеріне түсіп қалып, жыл сайын шіркеуге барып және  запа шегуі түрткі болған.

Пасторларды түрмеден құтқарған жалғыз нәрсе – олардың АҚШ-та бірнеше жылдан бері тұратындығы. Бірақ, сот өз үкімінде оларды және шіркеу мүлкін тәркілеу туралы шешім қабылдады.

Сергей Заикин. Facebook-тегі жеке парақшасынан.

«Жаңа өмір» шіркеуі Қазақстанда 1991 жылы құрылған, елдегі ескі протестантты  бірлестіктердің бірі және  ең үлкені. Шіркеудің Алматыдан өзге республиканың басқа қалаларында және шет елдерде филиалдары бар. Оған қоса, өздерінің библиялық колледжі, халықаралық  CNL  телеканалы және  дәл осындай атаудағы ақпараттық агенттігі бар.

 Әйтсе де,  сот шешіміне сәйкес,  1991 жылы шіркеудің құрылуы алаяқтық жолмен ауыр зиян келтіру және басқа адамдардың мүлкін ұрлау қылмыстық жоспарға тең болды.

«Қылмыстық ниетін жүзеге асыра отырып, Максимов және діни бірлестіктің белсенді мүшелері Максимова мен Заикин қайырымдылық, діни, миссионерлік қызмет аясында Алматы қаласында тұрақты түрде құдайға қызметтерін жүргізді,  іс барысында психикалық және психотерапевтік мақсаттың элементтерін өзімшілдікті жүзеге асыруға әсер ету үшін қолданды» деп үкімде көрсетілген.

Сараптамаға сілтеме жасай отырып, судья Гүлшахар Чинибекова барлық уағыздар, музыкалық сүйемелдеулер мен кездесулер пастор Максим Максимов пен оның серіктерінің пайда табу мақсатында халықты зомби ету туралы қылмыстық жоспарының құрамдас бөлігі деп санады.

Зардап шеккендердің алтауы да шіркеуге көптеген жылдар бойы қайырымдылық пен ондық түрінде қанша үлес қосқанын мұқият есептеді. Нәтижесінде 19119.876 теңге немесе шамамен 49 мың АҚШ долларын құйған.

 Бұған қарамастан,  запа шегушілер ақшаны өз еріктерімен бергендіктерін жоққа шығармайды. Бірақ,  пасторлардың  әсер етулерінде жүріп және жалпы атмосферамен жасаған.

Тергеу барысында «жеке тұлға құрылымындағы өзгерістер» мен «психикалық бұзылыстардың» осы шіркеуде болғанын анықтады.

Оған қоса сол уақыттарда  және дәл қазіргі уақытта «Жаңа өмір» шіркеуінде   түрлі елдер бойынша онмыңдаған ізінжалғастырушыларға ие.

Садақаларды ерікті түрде жасады, бірақ, «мәжбүрлі түрде»

Өзінің нақты позициясын пастор Максим Максимов  Facebook парақшасында  жариялап, бірнеше көрінетін сәттерін атап өтті.

Максим Максимов жұбайы  Лариса Максимовамен. Сурет  М.Максимовтың Facebook-тегі жеке парақшасынан алынды.

Оның сөзінше, сотталушының «заңсыз қоғамдық және басқа да бірлестіктерді құру немесе олардың қызметіне қатысу» деп айыптаған сәтінде тергеу мен соттың деңгейі туралы айтылады,  өйткені, 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Жаңа өмір» шіркеуі заңды түрде жұмыс істеп келеді және мемлекеттік тіркеуде бар.

Сонымен қатар, барлық «зардап шеккендердің» бірдей сарапшылардың қорытындылары бар, 13-16 жыл бұрын болған оқиғаларға қатысты сараптамалары бар, көшірмесі жазылған.

«Өзіңіз елестетіп көріңізші, сізбен сөйлескен маман 16 жыл бұрын сіз арқылы гипноздалғанын және уағыз кезінде шіркеуде отырғанда сіздің үстіңізден қылмыс жасағаныңызды  білді.Бұл судьяға жеткілікті ме? Қақтығыс қайда? Қылмыстың куәгерлері қайда? Камера жазбасы қай жерде? Біз барлық қызметтерді жазып аламыз», – дейді Максимов.

Үш пастор сотталғанымен, соның ішінде «қасақана ауыр дене жарақатын келтіргені» үшін сотталған. Әйтсе де, зардап шеккендердің ешқайсысы медициналық көмекке жүгінбеген.

Дегенмен, бәрінен бұрын, ол шіркеудің ерікті садақаларын «ұрлық» деп санағанына наразы. Осындай үкімнің негізінде шіркеуге баратын әрбір жан, оның ішінде храмдар мен дәстүрлі діндердің мешіттеріндегілер адасқан деп сеніп, салымдарын қайтаруды талап ете алады.

Алғашқы бес жәбірленуші бір мезгілде 2015 жылы пайда болса, содан кейін басқалары қосылды, алтауы сотқа қатысты.

Осыған орай, «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда, «Жаңа өмір» шіркеулерінде және пасторлардың үйлерінде тінту бір уақытта он жұмыс тобымен бір уақытта тек 2016 жылдың 25 наурызында жүргізілді.

Полицияның баспасөз хабарламасында  полицейлердің тінту кезінде оқ-дәрілер мен қарулар тәркіленгені айтылған. Алайда, бұл туралы ешқандай дәлел келтірілген жоқ, кейіннен қару-жарақ пен оқ-дәрілер іс-материалдарында көрінбеді.

Тінтуден кейін көпке созылмай, шіркеу қызметкерлерінің арасынан қылмыстық іс қозғалған кейбір адамдар елден кетті. Қызмет көрсету үшін Қазақстаннан тыс жерлерге сапарлар әлдеқайда ертерек жоспарланған болатын және бірнеше ай бұрын билеттер сатып алынған. Дегенмен, оқиғалардың дамуына байланысты Максимов пен Заикин елге оралудан қорықты.

Логикалық тұрғыдан бірқатар мәселелердің аяқталуы

2017 жылдың шілдесінде Өскемен қаласындағы «Жаңа өмір» шіркеуі филиалының пасторы Виталий Затолокин өзінің діни бірлестіктерімен бірге жиналған демалыс орталығында діни әндерді орындағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2018 жылдың сәуірінде олар Шымкенттегі (Оңтүстік Қазақстан) шіркеудің қызметін өрт қауіпсіздігі нормаларын бұзды деген айыппен тоқтата тұруға тырыстыШшіркеудің иесіз қалған қоймасында өрт детекторлары табылмады. Бірақ, мұнда аппеляциялық сот  салынған айыппұлды және жергілікті филиал жұмысын тоқтатты.

Шамамен 2009 жылдан бастап «Жаңа өмір» шіркеуі полиция мен арнайы қызметтердің назарын аударып қана қоймай, қысымға да ие болды.

Оларға сенушілер өздерінің пасторлары туралы есеп беруді ұсынғанын және полиция приходшыларға – этникалық қазақтарға сенімдерін «сатқаны үшін» қорқытып жатқанын айтты.

Шіркеуге бірнеше рет белгісіз адамдар шабуыл жасады. 2011 жылы, Алматыда, жастар конференциясында біреу оқиғаны бұзу мақсатында екі рет  өтір химиялық сұйықтық шашып, екінші рет оны желдету құбырына құйды.

2013 жылдың қараша айында Ақтөбеде шіркеу ғимараты қара сұйықтық құйылған бөтелкелерге толды. Қауіпсіздік күштері бірнеше рет қызметтерді тоқтатып, бірнеше қалада ресми сылтаумен шіркеуді жұмысын доғарды.

Үш пастордың ақырғы процесі көптеген ғибадат бейнелерін көрсету демонстрациясымен қатар жүрді.

Пастордың адвокаты Айман Умарова CABAR.asia тілшісіне процестің нәтижесі туралы қысқаша берген пікірінде:

Шіркеуді жапқысы келеді. Одан басқа не айтатын еді?

«Олар  мен бірдеңе біліп қалып, хабарлайды деп қорқады. Бірақ, не айтатыны бар?  Онсыз да «Жаңа өмір» шіркеуіне  деген сенімділіктері арқасында  өз    аңдығуа түсетінін біледі. Міне, бар кілтипат осыда», – деп атап көрсетті Айман Умарова сот тыңдалымының алғашқы күні.  Дегенмен, оны  матриалдарымен бірге іске қосуға жібергісі келмеген.  Тергеушілер  адвокаттан тығылып, ал сот барысында  оның осы процессе қатысыатыны жайлы білмегендіктерін айтқан.

Алматыдағы «Жаңа өмір» шіркеуінің  құдайға құлшылығы. Photo: newlife.kz.church

Мемлекет және «дәстүрлі емес» діндер: тұрақты қатынас

«Жаңа өмір» шіркеуі соңғы жылдардағы дәстүрлі емес христиандық ағымдарға қатысты қазақстандық қауіпсіздік қызметкерлерінің ең үлкен «байлығы» болуда. Оған қоса, бүкіл Қазақстан бойынша филиалдары бар ірі діни ұйым – Иегова куәгерлерінің христиан орталығы үнемі шабуылда.

Алайда, бұл тұста олардың қуатты халықаралық қолдауы бар екені айқын. Сондықтан қазақстандық арнайы қызметтер бірнеше рет жеңіліп, ресми Ақорда кері қайтуға мәжбүр болды.

2018 жылдың 10 шілдесінде сот 2013 жылы Иегова куәгерлерінің жақтаушысы Андрей Королевке қатысты үкім шығарып, оны әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тарту салдарынан келтірілген зиян үшін ресми түрде кешірім сұрады. Ол кінәсіз деп таныып және және төленген айыппұл оған қайтарылды. Бұл БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстанды Королевтің құқығын бұзушы деп танығаннан кейін орын алды.

Осыған сәйкес, 2018 жылдың 4 сәуірінде бұрын бес жылға бас бостандығынан айырылған Иегованың куәгері Теймур Ахмедовты сотталғандығы кешіріліп, Қазақстан президентінің жарлығымен қамаудан босатылды. Бұл БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті және БҰҰ жұмыс тобының ерікті түрде қамауға алу туралы шешімдерінен кейін орын алды.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің шешімдері мен тағы да үш дін ұстанушы ақталды.

Қалған басқа барлық жағдайларда Қазақстан БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі құрылымдарының шешімдерін орындаудан бас тартады. Бірқатар қылмыстық істерден кейін, соның ішінде тыңшылық үшін айыпталған соң  мемлекет «Источник жизни» және «Блогадать» Оңтүстік Кореяның ірі шіркеулерінің белсенділігін айтарлықтай төмендете алды.

Евангелиялық  баптист-христиандар шіркеуінің сенушілері мемлекетпен, оның ішінде тіркеу мәселелерімен айналыспағаны үшін ұстанымы және жүйелі әкімшілік және қылмыстық қудаланады. Олардың кейбіреулері елден кетуге мәжбүр.Ресми түрде, Қазақстан діни себептер бойынша қудалау фактілерін мойындаудан бас тартып келеді.Сұранысқа ресми жауап ретінде Әлеуметтік даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті (атап айтқанда, діни өмірді бақылайтын) Қазақстанда дәстүрлі емес ағымдардың қудаланып жатқандығын жоққа шығарады:

Заң діндерді кіші және үлкен, дәстүрлі және дәстүрлі емес діни топтарға бөлмейді. Ешқандай дін мемлекеттік немесе міндетті деп бекітілмейді. Тиісінше, мемлекеттік органдар өздерінің практикалық қызметінде бір дінге сенушілерге басқа дін өкілдерінің мүдделеріне нұқсан келтіретін ешқандай жеңілдіктер мен артықшылықтар бермейді.

Жалпы алғанда, соңғы жылдары «азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы» Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгертулерге ұшырады және «қазіргі уақытта Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пунктінде бекітілген жалпыға бірдей халықаралық стандарттарға сәйкес келеді» делінген.

Қазір «Жаңа өмір» шіркеуі штаттық режимде жұмысын жалғастыруда және сотталған пасторлар интернеттегі уағыздарды жүргізуде. Мемлекет бақылауындағы бұқаралық ақпарат құралдары бұған назар аударады. Фейсбуктегі-паблик «Қазақстан халқының жаулары 2.0» оппозицияға, азаматтық белсенділер мен құқық қорғаушыларға соғыс жариялады. Олардың қатарында Максим Максимов пен оның адвокаты Айман Умарова болды. Олар біріншісін «дін алаяқтары», ал екіншісін «шайтанның қорғаушысы» деп атады.

Халықаралық дін бостандығы 2018 есебінде АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті кезекті рет діни азшылықтарға мемлекет тарапынан қысым жасалатын елдің есебін белгіледі:

Билік адамдарды діни сенімдері немесе діні үшін тұтқындауды, ұстауды және түрмеге түсіруді жалғастырды; діни нанымдарды білдіруді шектеу; тіркеуден өтпеген топтардың сенімдерімен айналысуға тыйым салу; бейбіт діни жиналыстарды шектеу […];мәлімдемелерді «діни араздықты қоздыратын» қылмыстық баппен криминализациялау; прозелитизмді шектеу; діни әдебиеттерді басып шығаруды және таратуды шектеуге; діни контекстке цензура қойып, діни рәсімдер мен мақсаттар үшін пайдаланылатын ғимараттарды алуға немесе пайдалануға тыйым салады.

Билік діни қызметтерге рейд жасады, адамдарды «заңсыз миссионерлік қызметі үшін» қудалады және «дәстүрлі емес» діни топтарды тіркеуден бас тартты.

Дін бостандығын жақтайтын басқа ұйымдар – норвегиялық Forum 18 және нидерландық Open Doors осындай пікірде.


Бұл мақала IWPR «Орталық Азиядағы тұрақтылыққа бағытталған ашық диалог» жобасының аясында әзірленді

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Spelling error report
The following text will be sent to our editors: