© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

Қазақстан ұлтаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты реформалауға ниетті

Қазақстанның оңтүстігіндегі Масаншы ауылындағы оқиғадан соң ел билігі ұлтаралық салада жүйелі аналитикалық жұмысты жүргізу қажеттілігіне назар аударды. Қазақстан халқының ассамблеясының алдына болжам – аналитикалық қызметті күшейтіп, жұмысты қайта қарастыру міндеті қойылды.   


Подпишитесь на наш канал в Telegram!


Қазақстанның Жамбыл облысы Қордай ауданында ақпанның 7-нен 8-не қараған түні болған қайғылы оқиғалар назардан тыс қалмай, түрлі деңгейлерде талқыланып жатыр. Бұрынырақ болған қақтығыстарда кінәлі тараптарды қылмыстық жазаға тартып, жалпы қорытындылар шығарылатын әдеттегі реакциямен салыстырғанда бұл жолы конфликттен кейінгі дискурс айтарлықтай түрде кеңейді.  

Ұлтаралық қатынастар мәселесін зерттеу маңыздылығына қатысты мәселе кеңінен талқылануда. Ресми тұлғалардың мәлімдемесіне сүйенсек, бұрынырақ қалыс қалып келе жатқан бұл саланың аналитикасы енді бірінші кезекке шықпақшы.

CABAR.asia жасаған сұранысқа жауапта Қазақстан халқының ассамблеясы (ҚХА) Масаншыда болған конфликтіге байланысты өз қызметін қайта қарастыруда. Мұндай міндетті оның төрағасы – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қойды делінеді жауапта. Атап айтқанда бұқаралық-мәдени шаралардың саны қысқарып, болжам-аналитикалық қызмет күшейе түспек.

«Қазіргі уақытта ҚХА алдында тұрған басым міндеттердің бірі мемлекеттік саясатты аналитикалық және ғылыми-эксперттік сүйемелдеу, болжам жасау функцияларын күшейту. Осы бағытта жұмыстар жасалып жатыр», – делінген жауапта.

Этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты реформалау туралы Нұр-Сұлтанда 27 ақпан күні өткен дөңгелек үстелде ҚХА төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев та айтты. ҚХА сайтында жарияланғандай ол этносаралық қатынастар тақырыбы бойынша ғылыми-аналитикалық, болжам жасау жұмыстарын жаңа деңгейге көтеру маңыздылығын атап өтті.

«Этносаясат мәселелері бойынша жекелеген ғылыми-зерттеу институтын құру мәселесі зерттелуде. Эксперттерді жергілікті жағдайды терең зерттеу үшін этникалық топтар шоғырланып тұратын  барлық аудандарға апару ұйымдастырылды. […] Жабық этностарды қазақстандық қоғамға интеграциялау бойынша жаңа зерттеулер жүргізу, сондай-ақ конфликт жағдайларын шешу, медиативті технологияларды қолдану бойынша әдістемелік құралдарды жасау қажеттілігі туындады», – деді Түймебаев.

Шараға қатысушылар қордайда болған оқиғалар этнос аралық қарым-қатынастар саласын мұқият әрі кешенді түрде талдау, сондай-ақ мемлекеттік органдар жұмысын, қоғамдық институттар қызметін бүгінгі күн қажеттілігіне сай белсендіру қажеттілігін айтып өтті. 

Село Масанчы после столкновений. Photo: T.Батыршин

Жағдай шиеленіспейінше

Жағдайды болжау және конфликтілердің алдын алу мақсатында аналитикалық жұмысты жүргізу қажеттілігі туралы эксперттік қауымдастық бұрыннан айтып келеді. Зерттеуші политолог Владимир Жариновтың айтуынша бұрын болған конфликтілер сияқты Қордайда да аналитиканың жоқтығы “жарылысқа” әкелді. Бұл ретте оқиғаға себепкер болған бір жағдайды айту мүмкін емес, проблема кешенді – әлеуметтік, тұрмыстық және өзге де жағдайлар түрткі болды.  

Владимир Жаринов. Фото из личного архива

«Әртүрлі ұлттардың өкілдері қатысқан тұрмыстық конфликт өте жылдам этникалық жазықтыққа трансформацияланды – бұрыннан белгілі жау іздеу механизмі іске қосылды. Қазақстанның оңтүстігіндегі этнос аралық конфликтілердің көпшілігі тұрмыстық дау-дамайлар немесе қылмыстық істер, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға көғңл толмау салдарынан болған», – дейді Жаринов.

Оның айтуынша Қазақстанның оңтүстігінде соңғы жылдары осы салаға қатысты аналитика іс жүзінде мүлдем жасалмаған. Бұл ретте тек этностық мәселе ғана емес, жалпы протесттік көңіл-күйлерге қатысты – көп балалы аналар, тыйым салынған “ДВК” белсенділері, Арыстағы оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен жергілікті тұрғындардың наразылығына да байланысты.

«Бізде тек болған жағдайдың констатациясы жасалады, ал оқиғаға себепкер болған жағдайды зерттеу, қорытынды жасау, олардың ары қарай өрбуіне болжам жасау, алдын алу әдістері, салдарын оқшауландыру немесе барынша азайту бойынша іс-әрекеттер жоқ. Қазір трагедия болған соң бәрі жаппай аналитика қажет дейді. Осылардың барлығы баяғыда қайда жүрген?!» – дейді политолог.

2015 жылдан 2017 жылға дейін М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің “Тарих және этнология” ғылыми орталығы аймақтағы этнос аралық қатынастар бойынша зерттеу жүргізді. Орталық басшысы Серік Жүнісбаевтың айтуынша негізгі акцент қазақтар мен өзбектер арасындағы қарым-қатынасты зерттеуге қойылған. Зерттеулер нәтижесі азшылық ұлттар өкілдері ең алдымен жергілікті билік органдарының саясатына наразы екенін көрсетті, олардың пікірінше халыққа қажетті ақпаратты жеткізбейді.

 «Атап айтқанда, сауалнамаға қатысқандар қазақтармен қатар мемлекеттік қызметке қабылдануы үшін тесті тапсыра алатынын білмеген. Сонымен қатар оңтүстікте аз ұлт өкілдеріне арналған сыныптар жабылып немесе қысқартылып жатқаны, физикалық және моралды тұрғыда ескірген оқу құралдарының жаңартылмауына, ал қазақ сыныптарында тұрақты түрде жаңартылып тұратынына қатысты шағымдар болған», – дейді Жүнісбаев.

Зерттеу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға арнап ұсыныстар жасалған. Ең алдымен бұл түрлі ұлт өкілдерінің балаларын бірсыныпта бірге оқыту, түрлі этнос өкілдері таңертеңнен кешке дейін бірге жүретін демалыс және еңбек лагерьлерін ұйымдастыру.

Осы және өзге де ұсыныстар жергілікті билікке жеткізілді. Алайда жасалған ұсыныстарға қатысты ешқандай реакция болған жоқ. Зерттеушінің пікірінше мұндай салғырттық таныту, жергілікті халықтың сұраныстары мен наразылықтарына назар аудармау Қордайда да орын алуы әбден мүмкін, түптеп келгенде қайғылы оқиғаларға себепші болған.

Эдуард Полетаев. Фото взято с личной страницы в Facebook

«Еуразия әлемі» қоғамдық қорының жетекшісі, политолог Эдуард Полетаевтың ойынша Масаншыда болған конфликтінің себептерінің бірі әлеуметтік теңсіздік болған және бұл наразылық бірнеше жыл бойы жабық қақпақтың астында қайнап жатқан.

 «Тек жағдай ушығып, жарылыс болған соң бұл аймақта криминал авторитеттер әмірлік ететіні, біртұтас дүнген ауылдары бар екені, контробанда проблемасының бар екені және өзге де жағдайлар белгілі болды. Біз Қордайда не болып жатқанын мүлдем білмедік немесе өте аз білдік», – деді эксперт.

Аналитика қандай болуы керек?

Полетаевтың айтуынша бұл саладағы мемлекеттік аналитиканың болуын жоққа шығаруға болмайды. Алайда проблема оның ашық болмауында.

ҚХА 2019-2021 жылдарға арналған Даму тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында ғылыми-эксперттік сүйемелдеу шаралары бөлімі бар. Мұнда мысалға этнос аралық сала проблемалары бойынша ғылыми зерттеулерді іске асыру, қоғамдық көңіл-күй саласында кешенді әлеуметтік зерттеулер бағдарламаларын ұйымдастыру және жүргізу, этнос аралық келісім саласында әлеуметтік зерттеулерді жүргізу және тағы басқа шаралар бар.

Алайда Ассамблеяда бұл зерттеулер нәтижелерімен ашық ресурста танысу мүмкіндігі туралы сұраққа біржақты жауап бере алмады.

Оның үстіне эксперттер айтқандай мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілетін мұндай жұмыстар шынайы жағдайды көрсете бермейді. Жағдайды толыққанды жан-жақты көру үшін тәуелсіз зерттеулер қажет. 

Миссия құрдымға кетті ме әлде орындалды ма?

Эксперттердің Қазақстан халқы ассамблеясы тарапына міндеттерін орындай алмағаны, қажеттілігінің жоғы, таратылуы керектігі жөнінде негативті пікірлері қайғылы жағдайлардан соң айтыла бастады және БАҚ пен әлеуметтік желілерде әлі де айтылып келеді. Ассамблеяның өзінде мұндай пікірлерді осындай жағдайларда айтылатын біржақты пікірлер мен бағалар, кереғар әрі эмоционалды көзқарастар мен комментарийлер ретінде бағаланады. Бұл орайда этнос аралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың дағдарысы туралы қорытындыларды асығыс жасалған деп санайды.  

«Мемлекет Қордай ауданында болған жағдайды толық түсінеді және оны қалай түзету керектігін біледі. Мұндай қақтығыстардың басты себебі әлеуметтік-экономикалық және мәдени проблемалардың – этностық қауымдастықтардың “жабықтығы”, этникалық факторға әлеуметтік теңсіздіктің қосарлануы және тағы басқа жағдайлар», – делінеді CABAR.asia жіберген ресми сұранысқа ҚХА берген жауабында.

Ассамблея Қазақстанда 1995 жылдан бері қызмет етеді. 2007 жылға дейін оның негізгі жұмыс векторы елдегі этностардың мәдениетін, салт-дәстүрін және тілдерін дамыту үшін жағдайлар жасау болған.

2007 жылы ол конституциялық статусты және парламенттің төменгі палатасынан тоғыз орынды алды, ал бірінші кезекке жалпыға ортақ құндылық негізінде ортақ ұлт пен ортақ азаматтық позицияға полиэтностық қоғамды интеграциялау міндеті шықты. Бұл міндетті құрылым жалпы алғанда орындады. Дегенмен геосаяси және өзге де өзгерістерге байланысты ҚХА және ұлтаралық мәселелермен айналысатын өзге де құрылымдардың жұмыс істеу әдістері мен формаларын өзгертудің жөні бөлек дейді эксперттер. 

Қайтпек керек?

Серік Жүнісбаевтың пікірінше ұлтаралық қақтығыстарды болдырмау үшін үнемі жұмыс істейтін мониторинг жүйесін енгізу керек, өзін өзі басқаруды белсендірек енгізіп, ақсақалдар және көпке сыйлы өзгеде тұлғалар абыройын пайдалану керек. Ол националистік көңіл-күйлердің және титулдық ұлттық өзге ұлттардан үстемдігі идеяларының алдын алу үшін қазақ жастарының өкілдерімен тәрбиелік-идеологиялық жұмыстардың қажеттігіне назар аудару қажет.

Эдуард Полетаев мұндай қайғылы жағдайлар қайталанбауы үшін ұлтаралық қатынастарды билік арқылы және саяси реттеу моделін түзету керек екенін де айтып өтті.

«Көптеген маңызды шешімдерді қоғам пікіріне құлақ сала отырып қабылдау керек, референдумдар өткізген жөн деп ойлаймын. Сонымен бірге өз жағдайы болмай жүргендіктен, өзінің тұрмыс деңгейіне көңілі толмайтындықтан осындай қақтығыстарға тап болатын ішкі мигранттардың әлеуметтік және басқа да проблемаларын шешу қажет», – деп түсіндірді политолог.

Бұл ретте айқындалған аналитика жасау бағдарынан таймау керек. Ал мұндай жағдай бұрынырақ болған еді. 2014 жылы “Альтернатива” Актуалды зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев Шілік, Малаводный, Маятаста болған қақтығыстардан соң айқындалған этносаралық саладағы зерттеулерге сұраныстың жоғары екенін айтып өткен.

«Сол кезде мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар, соның ішінде Қазақстан халқы ассамблеясы да қозғала бастаған еді. Алайда сұраныс жылдам бәсеңсіп қалды», – деп Чеботарев бүгінде мұндай мониторингпен ешкім айналыспайтынын еске салды. 

2019 жылдың қыркүйек айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында азаматтардың конструктивті сұраныстарына жылдам әрі тиімді жауап беруге тиісті” болған “еститін мемлекет” концепциясын жариялады. Эксперттердің айтуынша алдағы уақытта мұндай қақтығыстарды болдырмау үшін бұл тұжырым шындыққа айналып жүзеге асуы тиіс.

«Билік елдің түкпір-түкпірінде не болып жатқанынан хабардар болуы тиіс. Ештеңе жасырынбай, керісінше қақтығыстардың алдын алу және бейтараптандыру үшін ашық талқылануы тиіс», – деді Эдуард Полетаев.


Бұл мақала IWPR «Орталық Азиядағы тұрақтылыққа бағытталған ашық диалог» жобасының аясында әзірленді

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Spelling error report
The following text will be sent to our editors: