© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

Орамал тағу: Қазақстандағы діни және мәдени дәстүрлері

Әйелдің басындағы жаулық – сән мен діннің ғана белгісі емес. Байырғы кезде ақ орамал соғыс пен ұрыстың нүктесі болған. Қазіргі таңда да оның маңызы дін не менталитетпен шектелмейді.


Біздің Telegram каналына жазылыңыз!


Қазақстанның Оңтүстік аумағы – Шымкенттің орталық мешітінде аптасына 3 рет әйелдер мен қыз балалар үшін ислам сабақтары өтеді. Алланың ақ үйінде түрлі жастағы қыз-келіншектердің діни сауатын ашып, Құран оқу мен мән-мазмұнын түсінуге үйретеді. Олар әдетте бұрымын жасырмай жүрсе де, бұл дәріске барлығы бірдей орамал тағып келеді.

Дәріс оқытушысы Балжан Досжанованың айтуынша, әйелдер орамалы – діни ұстаным ғана емес. Қазақ әйелдерінің ғасырлар бойы бұрымын жасырып, жаулықпен жүргенін сақталған тарихи құжаттар, картиналар мен ондағы бейнелерден анық байқауға болады

«Біз шәкірттерімізбен бірге өлкетану музейіне барып, біздің ата-апаларамыздың қалай киінгенін біліп қайттық. Әйелдердің киімі қабат-қабат болған, ол денені ғана емес, басын да толық жауып тұрған. Жеңдері ұзын киімнің үстінен әдемі комзол киген. Қазіргі уақытта, кей кездері әжелеріміз қазақша ұлттық кимешек киеді. Бірақ, ол киімнің дизайны бүгінде анағұрлым өзгеріске ұшыраған», – дейдi Балжан Досжанова.

Қазақстанның өзге өңірлеріне қарағанда, Оңтүстік аумағында салт-дәстүр қатаң әрі саф алтындай сақталады, тұрмыстағы әйелдерге орамал тағу да міндетті ғұрып, әсіресе жаңа түскен келін басынан орамалды тастамай тағып, көптің алғысын арқалайды. Күйеуінің туыстары яғни қайынжұртының алдында қазақ келіні орамалсыз жүрмеуі тиіс. Бұл ұлттық дәстүрді әсіресе ауылды жерлерде қатаң ұстанады.

Ұлсерік Исаева

Орталық мешіт жанындағы әйелдерге арналған дәріс тыңдаушысы Ұлсерік Исаева біздің әжелеріміз бен аналарымыз үнемі «Бастарыңа орамал тағыңдар, шаштарыңды көрсетпеңдер, тәртіпті жүріңдер деп айтатын» дейдi. Ұлсерік-апаның айтуынша: әйелдің басындағы орамалы оның көрегенділігінің, тәрбиесінің таңбасы іспетті.

«Бұрын қыздардың өрілген бұрымдарына қоңырау-дыбысты әшекей тағатын, сол дыбысқа қарап қыздың мінез-құлқын айырған. Кімнің шолпысының үні бәсең шықса, соны қалыңдыққа таңдаған. Себебі, бұл аруды инабатты деп бағалаған екен», – дейдi Ұлсерік Исаева.

Егер ертеде әйелдер орамалы қазақ ұлтының дәстүрімен астасса, енді оның аясы кеңейіп отыр. Діни наным-сенімдердің көбінде орамал маңызды рөл атқарады, ол тазалық пен парасаттылықтың белгісі. 

Дін мен орамал

Бүгінде ислам дініне бет бұрған қазақ қыздарының саны артқандықтан, әйелдерге арналған мұсылманша киімдер тігіле бастады. Тиісінше, қазір Шымкентте басы мен көкірегін жабу үшін хиджаб киіп немесе ұзын орамал таққан әйелдерді де кезіктіресіз.

«Құранда әйелдер өз сұлулығын жариялап, көрсетпеуі керек, олар өз әуретін жасырып, жабық киінуі керек делінген. Құрандағы бұл мазмұнда әйелдердің бұрымы мен мойыны және көкірегі туралы баяндалған», – дейдi Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров.

Православ Христиандарда да орамал тазалық пен әйелзатының болмыс-табиғатының көрінісі. Ертеде тұрмыстағы әйелдің жалаңбас, орамалсыз жүруі әбес көрінген. 

Шымкенттiк православиелік діни бірлестігінің діни қызметшісі Григорий Коноваловтың айтуынша, православ нанымында қыздар орамал тақпаған, ал тұрмысқа шыққанда олардың басына орамал жапқан, олар соны тағуға міндеттелген.

Православ христиан қыздарының мұсылман қыздарынан айырмашылығы сол – олар орамалды тек құлшылық кезінде тағады.

Расында, Қазақстанда:«әйелдерге орамал тағу қажет пе?» деген сұрақ жиі талқыға түседі. Көзге жәй ғана кәнігі матаның қиындысы болып көрінгенімен, бұл 2 жыл бұрын Түркістан облысындағы шағын ғана Фирдоуси ауылында үлкен түсініспеушілік тудырған еді. Онда оқушыларға орамалмен мектепке келуге тыйым салынды. Мұсылман дінін ұстанушы жергілікті жұрт жаңа ережені бірден қабылдай қойған жоқ. Бірақ, соңында бұл мәселе оң шешімін тапты: оқушылардың ата-аналары мектепке барып, қыздарына орамалсыз жүруіне рұқсат берді.

Мемлекетіміздегі білім министрлігі де Қазақстан – зайырлы мемлекет екенін еске салып, бұл сұраққа біржолата нүкте қойды. Мектептер мен университет және мемлекеттік мекемелерде діни ұстанымдарды сақтауға тиым салынды. Бұған еліміздегі діни бірлестіктің және конфессияның өкілдері де келісті. 

Парасат Кыдырбаев

«Құдай адамның киіміне емес, жүрегіне қарайды. Егер адамның жүрегі дұрыс жолда болса, оның амалы да, киімі де дұрыс болады. Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Мұнда бір-бірімізді сыйлап, құрметтеуіміз керек. Әрине, ортақ білім беру және мемлекеттік мекемелерде тиісті талапқа сай киім үлгісі болуы керек. Ал үйде немесе көшеде – қандай киім кисең де еркің. Ең бастысы, бұл шектен шықпайтын киім болса болғаны», – дейдi Парасат Кыдырбаев, «Авен-Езер» христиандық протестанттық пресвитериандлық шіркеуінің қызметшісі.

2016 жылы Қазақстанның ірі қалаларында, оның ішінде Шымкентте «Ақ орамал» акциясы өткен. Акцияның аясында ондаған әйел неке үйі мен перзентханаға арнайы барып, қыздарға бақытты өмір тілеп өздерінің ақ орамалардарын сыйға тартқан.

Қазақстанның тарихында бұл бастағы орамалды шешу – үлкен философиялық мән-мазмұнға ие. Ертеде ежелгі мынадай бір дәстүр болған, онда түсініспеушілік туындап, қырқысқан қос тарап арасына әйел адам басындағы орамалын шешіп ортаға тастаған. Жасы егде тартқан әйелдердің басындағы орамалын шешкенін көріп, ерлер ерегісін бірден тоқтатқан. Бұл – аналарға деген риясыз құрметі болса керек.


Бұл мақала IWPR «Орталық Азиядағы тұрақтылыққа бағытталған ашық диалог» жобасының аясында әзірленді

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: