© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

IWPR Қазақстанның Жамбыл облысында дін тақырыбындағы сұхбат кездесулері мен интеллектуалдық ойындар өткізді

Шараларға 314 адам – әлеуметтік қызметшілер, МСУ өкілдері, жергілікті қауымдастықтардың көшбасшылары, теологтар, студенттер және діни қызметкерлер қатысты.

Бес сұхбаттық кездесу мен үш интеллектуалдық ойын Қазақстанның аудандық орталықтарында: Аса, Жаңатас, Қаратау, Мерке және Құланда өтті. Шараларды ұйымдастырған – IWPR-дың Орталық Азиядағы Өкілдігі, бұл істе «Дінді зерттеу орталықтарының қауымдастығы» заңды тұлғалар ұйымы, Жамбыл облысы Дін істері жөніндегі басқармасы қолдау көрсетті.

Русский English


Дерадикализация бойынша эксперт, «Дінді зерттеу орталықтарының қауымдастығы» ЗТҚ директоры, «Жас отан» АГМФ кеңесінің мүшесі Азиза Жұмағалиева және  клиникалық психолог, «Рух» психология және тұлғаны дамыту орталығының директор Резеда Баймұхамедова сөз сөйледі.

Ақпараттық–түсіндіру топтарының (АТТ) жүргізіп отырған жұмыстардың орасан екендігіне қарамастан, Қазақстанда діни мәселелер бойынша, радикалдану себептері мен факторлары туралы сауатты көтеру, сонымен қатар,  акторлар арасындағы байланысты нығайта отырып, төзімділік құндылықтарын насихаттау жөніндегі профилактикалық шаралар әлі де жеткіліксіз.

rhdr

Мұндай шаралар осы аймақ үшін арнайы ыңғайланған, ақпаратының қарқындылығымен және молдығымен ерекшеленеді. Мақсаттарға жету үшін ұғынықты презентациялар, брошюралар, интерактив ойындар, сондай–ақ тест тапсырмалары әзірленді.

Шаралардың алғашқы бөлігі жергілікті қауымдастықтармен кездесулерден басталды. Кездесулерде алдымен дерадикализация бойынша эксперт Азиза Жұмағалиеваның презентациясы көрсетілді. Онда аймақтың діни алуандығы, Қазақстандағы діни саясат және зорлық экстремизмнің алдын алу үшін өзгенің діни сеніміне төзімділік танытудың маңызы жайлы айтылған. Азиза Қазақстандағы діндердің тең екендігінің, дәстүрлі дін болмайтындығы, сонымен қатар мемлекет пен дін бір бірінен дебес екендігін атап өтті.

Заңнамаға сәйкес, діндер туралы мәліметтерді тек арнайы ғибадат орындарында алу қажет, олардың елдегі саны 3518.  

62600312_328555478045774_7316243464637644800_n
62262428_1358869490930780_6590290070584950784_n
64578161_2092437220878831_1581003957310849024_n

«Осы салада тәжірибем болғандықтан, экстремизмнің алдын алуға болады деп сеніммен айта аламын. Адамдармен тыңғылықты жұмыс істеу арқылы, қауіптерді барынша азайтып, қоғамымызды деструктив идеологиядан қорғап қалуға болады. Әсіресе, жастармен жұмыс аса маңызды, себебі олар қоғамның ең белсенді және перспективалы бөлігі. Және дәл солар экстремистердің назарын жаулап тұр», – деген ойымен бөліседі Жұмағалиева.

Ары қарай кездесулерде дұрыс терминология қолдану маңызы мен өшпенділік тілі мен клишелердің қолдану қаупі туралы сөз болды. Мысалға, «секта» сөзі Қазақстанда тіркелген діни ұйымдарға қатысты айтылмауы керек. Лекцияларда тиым салынған экстремистік, террористік ұйымдарға, сондай–ақ осындай ұйымдардың символикасы мен әдебиетін сақтау мен тарату үшін қылмыстық жауапкершілік баптарына шолу жасалды.

Шараның бұл бөлігі тәмамдалған соң, дерадикализация жөніндегі эксперт «Жусан» – Сириядағы босқындар лагерлеріндегі Қазақстан азаматарын қайтару бойынша арнайы операциясы туралы тоқталып өтті. Жұмағалиева қазақстандықтардың қайтарылуы дерадикализацияға және әйелдер мен балаларды оңалту бойынша бірлескен әрекеттерді жандануына септігі тиеді. Ал оларға тосқауыл қойып, кемсіту тек азаматтардың радикалдануына жол ашады.

Сұхбат кездесулерінің екінші бөлігінде зорлық идеологиясының манипуляциялық тәсілдері, адам құқықтарының бұзылуы радикалдануға ықпалы жайлы айтылды. Клиникалық психолог, оңалту жөніндегі эксперт Резеда Баймұхаметова қатысушыларға адамдардың радикалдарға саналық деңгейде қалайша тартылатыны туралы айтты. Оның сөзінше, адамдар экстремистік ұйымдардың ықпалына діннің не екендігін білу үшін емес, қолдау мен әділет іздеп жүріп түсіп қалады. Сондай–ақ эксперт радикалданумен қалай күрескен дұрыс деген ойымен бөлісіп, жастар арасындағы түсіндірме жұмыстарының түрлері туралы айтты.

«Біз кемсітілген адамдардың зорлық идеологияларының алдында тым әлсіз екенін түсінуіміз керек, ол радикалдануға тез бой береді. Бұл әсіресе жастарға қатысты. Біз проблеманы бастапқы кезеңінде шешу үшін бірлескен әрекеттерді қолға алып, алдын алу үшін байланысымызды күшейту керек. Дер кезінде алдын алу шаралары басталса, келешегімізге қауіп төнбейді», – дейді Баймухаметова.

Сессия практикалық жаттығумен жалғасып, қатысушылар өзара топтасып, зорлық экстремизм алдын алуда қай актордың маңызы қандай деген ойларын талдады. Олар Жамбыл облысындағы діни ахуал туралы пікірлерін бөлісті, сонымен қатар зорлық экстремизмге жол бермеу үшін қандай қадамдарға бару керектігі туралы ұсыныстарын айтты.

oznor

«Мұндай шаралардың жергілікті халық үшін маңызы орасан зор. Біріншіден, спкерлер өте пайдалы ақпаратпен бөлісті: Қазақстанның діни саласынан бастап, деструктив–радикалды ағымдардың айла–шарғыларына дейін айтылды. Екіншіден, бұл ашық диалог жасауға тамаша мүмкіндік: мұнда жергілікті қауымдастықтардың өкілдері дін айналасындағы мәселелерді талқылап қана қоймай, көп сұрақтарына жауап табады. Осы форматтағы шаралар жағымды нәтиже береді», – дейді Бақыт Жұмасейітов, Қазақстанның Жамбыл облысы, Мерке және Рысқұлов аудандарының дін істері басқармасының өкілі.

Шаралардың екінші жартысында жастарға арналған интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылып, жастар ұйымдары мен мекемелерінің 105 өкілі қатыстырылды. Спикерлердің қатарында Азиза Жұмағалиева мен Резеда Баймухаметова болды.

Интеллектуалдық ойындардың бірінші бөлігінде Қазақстанның діни  алуандығына және төзімділікті насихаттау маңызы жайлы лекциялар оқылды. Эксперттер қатысушыларға ұсынған интерактив ойындарда басты акцент радикалдану себептері мен проблеманы шешу үшін бірлескен шараларды қолға алу қажеттігіне қойылды.

Ойындардың екінші бөлігінде қатысушыларға тест тапсырмалары берілді. Қатысушылар топтарға бөлініп, экстремизм, заңнама негіздері мен адам құқығы негіздері тақырыптарында білім жарыстырды. Ойын нәтижелерін қорытындылай келе, эксперттер дұрыс жауаптарды талқылап өтті. Талдау барысында қатысушылар зорлық экстремизмнің проблеманы шешудегі өз ұсыныстарын жасады, қызықтырған сұрақтарын қойды.

«Мен бүгін бұл шарадан көп нәрсені білдім. Аса қатты таңқалдырған факт – Сирияға кеткендердің қатарында жастардың көп болғандығы. Біз, белсенді жастар, онымен күресуіміз керек. Жалпы, жастарға кетпеңдер, зорлық идеологияларына ермеңдер деп айтқым келеді», – дейді интеллектуалдық ойынға қатысқан Арай Мәуленова.

Шараларға қатысқандардың барлығына заңдардың үзінділері, конфессияаралық кеңес туралы, Қазақстан Республикасындағы діни алуандық жайлы мәліметтер, сонымен қатар, диалог құрудың жолдары туралы айтылған ақпараттық брошюралар таратылды.

IWPR алдағы уақытта да Қазақстанның басқа облыстарында осындай шаралар ұйымдастырмақ.


Кездесулер  IWPR «Орталық Азиядағы тұрақтылыққа бағытталған ашық диалог» жобасының аясында ұйымдастырылады

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите Ctrl+Enter.

Сообщить об опечатке
Текст, который будет отправлен нашим редакторам: