© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

Қазақстан: өмірдегі орнын табу үшін дін қалай көмектеседі?

Қазақстан халқының 97% өздерін құдайға сенетіндер қатарына жатқызады. 2009 жылғы ұлттық санақ нәтижесіне сүйенсек, халықтың басым бөлігін өздерін мұсылман деп көрсеткен – 70%, шамамен 26% – христиандар.

Діннің адамдарға күнделікті өмірінде және қиындықтарды еңсеруде қандай көмегі тиеді? Біз осы сұрағымызға жауап іздеп көрдік.


Подпишитесь на нашу страницу в Facebook!


28 жастағы Айдар алты жыл бұрын ислам дінін қабылдады. Оның айтуынша, дін есірткіге тәуелділігін жеңіп, депрессиядан шығуына көмегі тиген.

[quote class=”c”]Менің ата–анам яһуди де, христиан да болмаған, тіпті отқа табынатындардан емес еді. Дегенмен олар осы ел халқының әлгі статистикасында жүрген этникалық мұсылмандары боп саналады. Яғни өз ырқымен емес, біреудің айтқанымен болған мұсылман.

Этникалық мұсылмандар дегеніміз қалай: діні ислам екені той–томалақ, ас–батада, кез келген сәтте ауыздан «бісміллә» шығып кеткенде есіне түседі. Ал нағыз мұсылман боп сен әрине, сүндеттелген соң санала бастайсың.

Мұндай бейдіни атмосферада көптеген факторлар қабаттасып жатады: мектепте адамның пайда болуы туралы теориялар оқытылады, әлеуметтік желіде дін сынға алынып жатады, өмір толған бұзықтық, айналаң толы дінсіздер, ата–анаңның кеңес кезіндегі атеист болғаны, тағы солай сияқты кете береді. Мұндай ортада өсіп тәрбиеленгенде, қайдағы исламды ойлайсың.

20 жасымда мен алғаш рет есірткіден «ауыз тидім». Әдеттегідей басында тек қызық көріп пайдаланып жүрдім. Бірақ күндердің бір күнінде есірткіге біржола құмартып, шынайы өмір емес, мас әлемімде тұрып жатқанымды түсіндім.

Есірткіден мастығым қайтқан сәтте бүкіл әлем көмескі тартып, құлазып сала беретін, барлығы лас және бұзылған, жауыз әрі әділетсіз көрінетін. Әр кеште, 18–қабатта мен қалтамдағы шкафты ашып, сүйікті әлеміме оралуға асығатынмын. Бояуға толы өмір, тәтті әлем, жарқын көңіл дәл сол жақта еді, тіпті кейде үйлер ұшып жүретін. Қызығы сол, әлемнің жаратылысы туралы сұрақтар да сол жақта мазалай бастады. Біз қайдан келдік? Адам шынымен маймылдан пайда болған ба? Мүмкін біз басқа әлемнен келген келімсектер шығармыз? Әлде матрицада өмір сүріп жатырмыз ба?[/quote]

Жауабы жоқ сұрақтар әбден қинап тастаған Айдар ұзақ депрессияға шалдығады. Ол енді өмірдің мәні туралы сұрақтарына жауап іздей бастайды. Бар өмірі жұмыс пен достармен арагідік кездесулерден тұрады. Енді жігіт өзіне қол жұмсауды туралы ойлана бастайды, бірақ тағдыры айдап балгерге барғанында, ол мешітке бар, Құран оқи баста деген кеңес береді. Сол кезден бастап Айдар Қасиетті Кітапты зерделеп, мешітке тұрақты бара бастаған, имамдармен тілдеседі.

[quote class=”c”]Менің ойымша, мен әлі күнге дейін өзімді өзгертіп келемін. Құран оқимын, аяттарды жаттаймын, шабытымды сол жақтан іздеймін. Ислам менің барлық сұрағыма жауап бере алды. Бұрын мен тынышым қашып, өзімді қоярға жер таппайтын едім. Қазір мені ештеңе алаңдатпайды. Құранды оқып, адам қандай болуы керек дегенді толық түсіндім.

Исламның арқасында менің өмірім аман қалды. Өйткені бұрынғы өмірім жалғаса берсе, ақыры жаман болатын еді. Алла мені шыңыраудың түбіне тастап, енді жоғарыға көтерді деп сенемін. Ислам адам өмірінің барлық саласын реттеп отырады, қарапайым тұрмыстық сұрақтардан бастап, күрделі экономикалық, жеке қарым–қатынасқа дейінгі барлық мәселелерге дейін.[/quote] 

Христиан Денис Злобин де есірткі мен алкогольге тәуелді болған, қиындыққа толы өмірді бастан кешіп, ақыры жаны шіркеуден жай тапқан христианға айналды. Қазір ол сондай тәуелділермен жұмыс істеу жөніндегі кеңесші, оларға және олардың туыстарына көмек көрсетеді

[quote class=”c”]Өмірімнің 20 жылында арақпен алыстым, оның 11 жылында ауыр есірткі пайдаландым. Арақ ішсем мүлдем басқа адамға айналатынымды мен 15 жаста–ақ түсіндім. Сол басқа адам болу өзіме ұнайтын.

Денис Злобин. Жеке архивінен алынған фото

21 жасымда алғаш рет ауыр есірткіні татып көрдім. Ол кезде өмірімде береке болмады, жұмыс ауыстыра бердім, одан қалса монастырге кететінмін. Осыдан үйленіп алайын, сосын басқа қалаға көшемін, сол жақта таза жаңа өмір бастаймын деп ойлайтынмын. Өзімді алдадым.

Соңғы бес жылда арақтан да шаршадым, ішудің мәні жоғалды. Бірақ сонда да арақ пен есірткіні қоймадым. Үнемі тастағым кеп талпынатынмын, бірақ өзімді жеңе алмадым. Онсыз қалай өмір сүретінімді түсінбедім. Әке–шешемнен ақша мен мүлік ұрладым. Онымды ақтап алғым да келеді, сол үшін өзімді жек көремін де.

Мен дінге оңалтуға аттанар алдындағы 7 жыл бұрын келдім. Ақырындап шіркеу тәртіптеріне бойлап, діни ілім бойынша өмір сүре бастағаныммен, бұл әрекеттерім қандай да бір жеңілдік әкелмеді. Керісінше дін менің онсыз да ауыр жағдайымның бөлігіне айналды. Проблемамды шешудің орнына дінді сылтаурататынды шығардым.

Айтылған әрекеттерді орындап отырсам, рухани әлемімді өзгертем, сосын менің тілектерім де орындала бастайды деп өзімді алдай бердім. Құдайдың әмірін тыңдағым келмеді, керісінше оған өзім талап қоймақ болдым. Нашақорлық пен маскүнемдік деген әрқашан нешетүрлі келбетке еніп келетін аурулар.[/quote] 

Денистің жақындары 12 қадаммен жүзеге асатын бағдарламамен емдейтін оңалту орталығын табады. Терапия мен демеудің арқасында жігіт сауығып кете алды. Оның ойынша, маскүнемдік пен нашақорлық тура диарея немесе диабет сияқты ауру түрлері, одан жай ниет пен ерік күші арқылы айығып кету мүмкін емес.

[quote class=”c”]Терапия кезінде бізге тәуелділіктер бойынша маман дәріс жүргізді, біз арнайы кітаптар оқыдық, топтық жұмыстар жасап, бір бірімізге қолдау көрсетіп отырдық, жазбаша тапсырмалар орындадық, тағы сондайлар. Өмірімізде шынымен не болып жатыр деген мәселені толығымен түсініп алу керек еді.

Сол дәріс кезінде мен өмірімді бастан аяқ зерделеп, көзқарастарымды қайта қарап шықтым, оның ішінде дініме деген қарым–қатынасымды нақтылауыма тура келді. Өмірдің шындығы сол, біз үшін ненің жақсы, ненің жаман екенін түсіне бермейміз, ойлағанымыз іске аспай қалса, ызаланамыз. Бірақ шындап келгенде ол біз үшін жақсылық шығар? Біз өзіміз білмейтін нәрсені талап етеміз, бірақ оның ақыры не болатыны белгісіз.

Қазір мен тәуелділіктер жөніндегі кеңесшімін, ауруымен күресем дегендерге көмектесемін. Жұмыс істейтін адамдарымның дініне қарамаймын. Бұл аурудың биологиялық, психологиялық және әлеуметтік себеп–салдарын анықтап алған жөн, сосын барып емдеуге кірісу керек деп ойлаймын. Түрлі амал–жоралғы жасағанымен, діндарлық ауруды емдей алмайды. Дінге мойынсұнып, ары қарай есірткі пайдаланатын тәуелділер жетіп артылады.

3,5 жыл бұрын үйлендім. Бұл да қиын әрі жауапты қадам. Әрине мен әлі де мазасызданып, ашуланамын, менмендігімнен арыла қоймадым. Бірақ кей қажет сәттерде мен көмек сұрай аламын. Бұрын мұндай мүлдем болмайтын. Бұл кереметке мен оңалу кезінде жеттім, басқалары да осыған жете алады. Жеңу үшін берілу қажет болады. Ниет болса жеткілікті. [/quote] 


Бұл мақала IWPR «Орталық Азиядағы тұрақтылыққа бағытталған ашық диалог» жобасының аясында әзірленді

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Spelling error report
The following text will be sent to our editors: