© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

Қазақстандағы ұстаным: дін жанның айнасы, кәсіп коғам пайдасы

Бугінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкер әйелдер ел экономикасының дамуына өз улестерін қосуда. Әйел ісі мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның жетекшісі Елена Тарасенконың айтуынша, кәсібінен нәсіп тауып жүрген қыз-келіншектердін елдегі ЖIО-дегі үлесі шамамен 40%-ды қурайды.


Біздің Telegram каналына жазылыңыз!


Қазақстандық кәсіпкерлікпен айналысатын қыз-келіншектердін  көпшілігі айналасына оздерінің дінге деген наным-сенімі туралы жария ете бермейді. Алайда, дінді ұстану  олардың өз-өзіне деген сенімділігін арттырып қана қоймай, үлкен мақсаттар мен армандарының  орындалуына да септігін тигізетін көрінеді.

Әминә Юсупбаева

Әминә Юсупбаева «Ахляк» балабақшасын осыдан он жыл бұрын жолдасымен бірлесіп ашқан. Университетті IT-мамандығымен бітірген Әминә алғашқыда бала тәрбилеу ісімен айналысамын деп ойламаған. Жас кәсіпкердің бұл салада білімі мен тәжірибесінің болмағандығынан көп дүниені өзгелерден үйренуіне тура келген.

«Біз кәсібімізді бастарда жұмыс істеп тұрғанына 5 жыл болған  балабақшалар да болды. Барып, танысып көргенімізде, мұндай үлкен тәжірибені жинау үшін біршама уақыт керек қой деп ойлаған едік», – дейдi жас келiншек.

Еліміздегі балабақшалар санының аздығынан, көптеген жас отбасылардың балаларын жұмыс уақытында қайда қалдырарын білмей әбігер болатынын көргенде, Юсупбаевтар осы іске білек сыбана кірісіпті. Алғаш балабақша табалдырығын аттаған 35 бүлдіршіннің 30-ы достары мен таныстарының балалары болыпты.

Жас кәсіпкердің алғашқы мақсаты – мұсылман қыз-келіншектерге қолдау көрсету еді. Себебі, дінді ұстанған әйелдер қауымына педагогикалық жоғары білімі бола тұра, мемлекеттік жұмыстарға орналасу қиындық туғызады.

Қыздардың емін-еркін  жұмыс істеуі діннің жұмыс пен кәсіпке еш кедергісі жоқтығын дәлелдей түседі. Алматы қаласы орталық мешітінің наиб имамы Руслан Қаиргельды мұсылман әйелдерге отбасылық өмір мен үй шаруасында еш нәрсеге тиым жоқтығын айтады. Сонымен қатар табыс тауып, өзгелерге пайдасын тигізуіне де шариғат тиым салмайды дейді.

«Күйеуі отбасын асырауы тиіс. Егер әйелі жұмыс істесе, тапқан табысын өзіне жұмсап, отбасына жәрдем бермеуіне де болады.ьБұл дегеніңіз, әйелі тапқан қаржысын толық өз қажетіне жаратуына дінде рұқсат берген. Егер әйелі күйеуіне қолқабыс етіп, тапқанымен бөліссе де қарсылық жоқ», – дейді Қаиргельды.

Балабақшада қызмет ететін қыз-келіншектер жұмысқа орамал тағып келеді. Алайда, мекеме заман талабына сай жұмыс жасайды. Бұл жерде халал ұстанымы жас бүлдіршіндерге ас әзірлеуде ғана қолданылады. Бала тәрбиесі мен білім беру жүйесі заманға сай жүргізіледі. Мысалы, балабақшада Монтессори әдісі енгізілді, ал оқыту өзі қазақ тілінде жүреді.

Амина Жапониядағы секілді балалардың өсіп, жетілүіне барлық мүмкіндіктер жасалатын балабақша ашуды армандайды. Булдіршіндердін болашақағы үлкен омірі уйлесімді болуы ушін мұндай балабақшалар өте қажет.

Адамдарды тамақтандыру – игілі іс

Бұрынғы телевизиялық бағдарламалар мен өндірістік студияның басшысы Елена Ким бүгінгі таңда шағын  асхана желісінің басшысы. Елена христиан дінінің православтық тармағын ұстанады. Оның жұмыс жасаудағы басты қағидасы тек сөзбен ғана емес, ас арқылы да адамдарға күш-қуат силау.

Елена Ким

Бір кездері дәмді әрі денсаулыққа пайдалы тағамдарды әзірлейтін бағдарлама дайындағанда Елена неге өз кәсібімді ашпасқа деген ойға келген.

Жолдасы оны үнемі қолдап, көмегін аямады. Игі іс қазіргі таңда Ким әулетінің отбасылық кәсібіне айналып, балалары мен туыстарының табыс көзіне айналған. Кішігірім ұжымда  мұсылман, православ, католик дінін ұстанатын әр түрлі жастағы, көптеген ұлт өкілдері жұмыс істейді.

Жеке кәсібі болғандықтан, кей сәттерде Еленаның өзіне тұтынушыларға тамақ  салып беріп, асүйдегі жұмыстарға араласып, тіпті азық-түлікті өзі сатып әкелуіне тура келетін де сәттер болады.

«Егер сен кәсібіңнің барлық қыр-сырына үңілмесең не болады? Біз ыдыс та жуамыз, еденді де сүртетін кезіміз болады. Сенің асханаңа тамақтануға келген  әрбір адам ас ішетін жерінің таза  болғанын қалайтыны анық. Оларға сенің  жұмыскеріңнің ауырып қалғаны, не болмаса жұмыстан шығып кеткені маңызды емес. Бастысы барлығы жалтырап тұруы тиіс», – санайды Елена Ким.

Кей діни қауымдастықтарда кәсіпкер әйелдерге  бірдей қарамағанымен протоиерей  Евгений Иванов дінде  бұл тұста қиындық пен қарсылық жоқтығын айтады:

«Әйелге кәсібі кедергі келтірмеуі керек. Ғарыш кемелерін жасаса да ауқымды фирмалар барқарса, тіптен мемлекет тізгінін ұстаса да әйел әрдайым әйелдік қалпында қалса болған», – дейді Евгений Иванов.

Казіргі таңда Елена Ким осыдан бірнеше жыл бұрын отбасылық кәсіп ашканына еш өкінбейді. Шығармашылығанан алыстамаған ол алдағы уақытта жаңа әйелдер клубын ашуды жоспарлауда. Елена өзін өмірде көп нрсеге қол жеткізген жанның бірі ретинде есептейді.

«Мен өте бақытты адаммын, себебі ойымдағының барлығын дерлік жүзеге асыра алдым. Идеядан бастап іске асқан жобам ретінде денсаулыққа пайдалы әрі өте дәмді тағамдар туралы багдарламамды айтуга болады. Осы кәсіп арқылы отбасымнан бөлек көптеген адамға жұмыс көзін тауып бердім. Осы кәсіп арқылы олар отбасын асырап, жақсы өмір суруде. «Муның өзі көнілге үлкен  қуаныш силайды», – дейді Елена.

Прогресске қол жеткізу – бахайдың басты ісі

Алматы көзәйнектер орталығының құрылтайшысы – Айша Гайсина  бахаи діни сенімін жақтаушы. Бұл дінге деген сүйіспеншілік 90-шы жылдардан бастау алып, әлі күнге дейін жалғасып келеді. Айша өз кәсібінде адамдарды алаламай, барлығына тең қарауға тырысады.

Айша Гайсина

Айша мен оның жолдасы Саят бұрын банк саласында қызмет еткен. Олардың тұрмыстық жағдайы өте жақсы еді. Бірде таныстары шет елге тұрғылықты тұруға көшерде өзінің кәсібін сататынын айтып, оларға сатып алуды  ұсынғанда, ерлі-зайыптылар бірден келіскен.

«Адамның да құс секілді екі қанаты болады. Бір қанаты ақша болса, екіншісі рухани қанаты. Екі жақты тең ұстап алға жылжымаған адам төменге құлдырайтыны анық», – айтады Саят Ғайсин.

Айшаға айналысатын кәсібінің адамдардың жанары жақсы көруіне әсер етіп, пайдасы тиетіні ұнайды. Бахаи діні өркениеттің дамуына  жұмыс жасауды үйретеді. Айша болашақта балалары кәсібін жалғасырып, өзі дін істеріне көбірек көңіл бөлуді армандайды екен.


Бул макала IWPRдын «Борбордук Азиядагы туруктуулукка ачык баарлашуу аркылуу» долбоорунун алкагында жарыкка чыкты.

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: