© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

Қазақстан «экстремистер» өндіруді қашан доғарады?

Жаңа президент боп Қасым–Жомарт Тоқаев сайланғалы Қазақстанда саяси және діни көзқарастары үшін қудалау жағынан мардымсыз болса да өзгерістер байқала бастағандай. Бұл процеске әлем қауымдастығы да өз септігін тигізбей қоймады. Қалай дегенмен, «діни» процестер әлі де бірінен кейін бірі басталып жатыр, «экстремистік» және «террористік» айыптаулар бойынша ақталып шығудың жолы әлі де жоқ.

Жоғарғы сот алғаш рет Қылмыстық кодекстің “адамзат қауіпсіздігі мен бейбітшілікке қарсы” және “қоғамдық қаіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы” қылмыстар бөлімдеріне кіретін екі бап бойынша айыпталған адам қатысты шығарылған үкімнің күшін жойды.

Дегенмен мойындау керек, оның ісі жазасын темір тордың ар жағында өтеп жүрген жүздеген адамдардың ішінен ерекшеленеді.  

 «Ақмола облысының тұрғыны кітаптардан, интернеттен түрлі діни материалдарды өз бетімен оқып, үйреніп, исламның дәстүрлі емес бағытын уағыздай бастады. Өз білімін таратуды мақсат еткен ол әлеуметтік желілерде тіркеледі, содан соң өзінің парақшасында терриоризмді насихаттайтын, терриоризм актісін жасауға үндейтін және діни өшпенділік пен алауыздықты қоздыратын аудиожазбалар мен материалдарды жариялай бастайды.

Әлеуметтік желідегі бұл парақшалар интернет желісіндегі өзге пайдаланушыларға толық қолжетімді болатын», – деген хабарламаны Ақмола облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі аймақтық медиаларда таратты 

Соңынан анықталғандай, Рамазан (есімі өзгертілді) 2014 жылы әлеуметтік желідегі парақшасына бірнеше нашид (арабтың діни әндері) пен мазмұны дау тудыратын жарияланымдар шығарған. Мұны көріп қалған туған-туысы Рамазанға бірден материалдарды өшіртіп, интернетке қосылу мүмкіндігінен айырған.

Алайда скриншоттар арнайы қызметтер қолына түскен, сөйтіп ол жігіт қызығушылығын исламнан христиандыққа бұрған сәтте 2017 жылы істі қозғайды.

Сол жылы сот болып, оны қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша – «дінаралық ауыздықты қоздыру» және «терроризмді насихаттау» бойынша айып тағылады.

Мұндай істерде жәбірленуші тарап болмағанда айыптау тек экспертиза нәтижесіне ғана негізделіп құрылады.

Бұл жағдайда да осылай болған еді, алайда тергеу барысында мәтін бойынша эксперт ретінде сарапшы лицензиясы жоқ кәсіби біліктілігі сай келмейтін маман тартылды. Оның қорытындысының заңды күші жоқ деп тануға тура келді. 

Бұл жағдайда тергеу мен сот бірігіп “тал қармады”: бұрынырақ айыпталушы психиатр бақылауында болған, осыдан соң ақтаудың орнына оны қоғам үшін “аса қауіпті” деп танып, мәжбүрлі түрде емдеуге жіберді. 

Қазақстанның Жоғарғы соты. матрица.kz фотосы

Айыпталушы мәжбүрлі емдеуде болған кезде оның туған-туысы Жоғарғы сотқа арызын боратты, сөйтіп сот кенет шешім шығарды: үкімді күшінен айырып, іс кәсіби эксперт қатысуымен қайта қарауға жіберілсін. 

Жалпы көріністен ерекшеленіп тұратын тағы бір жағдай туралы айыпталушыларға “діни” баптар бойынша ж.йелі түрде көмек көрсетіп жүрген адвокат Бауыржан Азанов 2019 жылы 12 қарашада айтып берді.     

Астананың әкімшілік сотында ол Қазақстан аумағында экстремистік деп танылған діни материалдарды сақтау бойынша айыптау ісінде жеңіске жетті.

Ақталған Сахим Еркебұлан үшін іс әкімшілік сипаттан қылмыстыққа ауысып, ұзақ уақыт бас бостандығынан айрылып түрмеге қамалу қатері бар еді.

Адвокат айтқандай «осы бап бойынша ел тарихында ақтап алып жеңіске жеткен алғашқы материал».

Дегенмен бұл екі жағдайд да теңіздегі екі тамшыдай ғана. 

«Зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмнің 16 актісі» және экстремизм мен терроризм үшін мыңнан астам сотталғандар

«Соңғы 9 жылда Қазақстанда зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмнің 16 актісі жасалды, 500 астам азамат Сирия мен Ирактегі террористік қозғалыстарға қосылды, олардың 100 жуығы көз жұмды, 1 мыңнан астам қазақстандық терроризм мен экстремизм үшін сотталып түрмеге қамалды. Соңғы көрсеткіш бес жыл аралығында тұрақты түрде өсіп келеді» – деп жазады EurAsia Daily басылымы Әлемдік экономика мен саясат институтының эксперті, социолог Серік Бейсембаевтың сөзінен үзінді келтіріп. 

 

Шын мәнсінде “экстремизм” және “терроризм” үшін сотталған қазақстандықтардың саны әлдеқайда көп, бұл ретте олардың дені эксперттер экстремизм мен терроризм насихатының белгілері бар деп тапқан материалдарды жариялағаны және шейр жасағаны үшін темір торға қамалған.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің деректері бойынша 2019 жылдың тоғыз айы аралығында “экстремизм” және “терроризм” үшін соттайтын Қылмыстық кодекстінң алты бабы бойынша 265 қылмыстық іс жүргізілген, әзірше олардың 169 ғана сотқа жетті. 

Егер әрбір іс жүргізу бойынша 5-6 адам тартыла алатынын екенін ескерсек, жауапкершілікке тартылған адамдардың саны үш есеге ұлғаюы мүмкін.

Елге Сирия мен Ирактан әскери іс-қимылдарға қатысқан 200 қатысушыдай оралды, олардың шамамен жартысы сотталды. 

Ұлтараздық алауыздықты қоздырғаны үшін жауапкершілікке тартылған бірнеше ондаған саяси оппонент бар. Бірақ негізгі үлес “діни алауыздыққа” келеді. 

Қаржы министрлігінің «терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты» ұйымдар мен тұлғалар (мұнда “экстремизм” мен “терроризм” үшін сотталғандарлың барлығы автоматты түрде кіреді) тізіміне 1565 адамның аты-жөні енгізілген. Бұл тізім бізге осындай айып бойынша сотталып, қамалған немесе жақында бостандыққа шыққан адамдардың шамамен қанша екенін көрсете алады. 

Бұл тізімге кіру өте оңай.

Соңғы белгілі мысалдардың бірі – Алматыдағы сегіз мұсылман соты

2019 жылы 20 қарашада аппеляциялық инстанция сотталған сегіз мұсылманға қатысты 5,5 жылдан 7,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкімдерді күшінде қалдырды (тоғызыншы қатысушы ауыр науқастануына байланысты сотын әлі күтуде).

Тамыздың бесі күні оларды WhatsApp жабық чатында діни пікірталас үшін соттады. Олардың кінәсі сауд теологы Әл-Фаузанның айтқан сөздерінен және Қазақстанда ешкімге белгісіз сүріриттердің (Сауд Арабиядағы салафиттердің бір тармағы) сыни пікірлерінен үзінді келтіргені деп табылды.

Олар ИГИЛ чатында өзге де исламның радикал ағымдарын өткір сынап отырған. Жәбірланушы тарап болғандықтан тергеу мен сот тек эксперт қорытындысына сүйенді (оның өзі діннен алыс және тиісті лицензиясы болмай шықты).

“Ноқтаулы сарапшылар да болатынына көз жеткіздім. Құқық қорғау органдары не десе, соны істейді”, – деді ащы мысқылмен адвокат Шамиян Жайлханов.

Сотталғандардың туыстарымен бірге ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеушісі Рүстемовтың тапқан «эксперттері» Мухатаева мен Акбарованың қорытындыларына рецензия беру өтінішімен Санкт-Петербург институтына жүгінді.

Ресейдің атақты профессорлары Алла Мельникова мен Василий Белов Мухатаева мен Акбарованың бір нұсқасы жеке кәсіпкердің мөрімен куәландырған қорытындыларының тас-талқанын шығарды. 

«Бұл қорытындыда жасалған тұжырымдар эксперттің субъективті пікіріне сүйенген болжамдық сипатқа ие және қателесу ықтималдығы 90%, себебі сот-лингвистикалық сараптама жүргізу кезінде ұсынылған сенімді әрі маңызды әдістерді қолдану негізінде барлық айтылған мән-жайды зерттеу жүргізілмеген», – осы жолдарда сот пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғылыми пікір деп санаған 40 беттік анализдің квинэссенциясы берілген.  

Аппеляциялық инстанцияда айыпталушы тарапты сотталушылардың кінәсіздігін растайтын кез келген құжатты қабылдаймыз деген уәде беріп алдап келген. Ал аппеляциялық сотқа жеткенде ресейлік ғалымдар жасаған қорытындыны іске тегу ойлары да болмаған.  

«ҚПК (Қылмыстық процестік кодекс – авт) сәйкес бұл жаңадан ашылған мән-жайлар деп аталады)», – дейді адвокат және сот жүйесінде ешкім де төменгі сот пен ҰҚК қате қорытындыларына күмәндануға жол бермейтіні анық.  

Қазіргі уақытта Алматыда кезекті процесс өтіп жатыр. Екі бүйрегі де істемейтін Бекжон Шалабаевқа «Хизб ут-Тахрирде» мүшелігін жасырмағаны үшін “терроризмді насихаттау” және “Қазақстанда қызметіне тыйым салынған ұйым қызметіне қатысу” бойынша айып тағылды.  

 «Қолбасшылық ордасының ресурсы»

Саяси және діни көзқарастар үшін қылмыстық істер конвейерін сәл босаңсытуға мүмкіндік беретін тағы бір қоңырау Нұр-Сұлтан қаласынан келді.

Марат Шибутов. kursiv.kz фотосы

Биыл қазанның 30 күні көп тиражды “Время” газетінде «Transparency International» қамқорлық кеңесінің төрағасы мен ресейлік шекаралас ынтымақтастық қауымдастығының аналитигі Марат Шибұтовтың Қылмыстық кодекстің 174-бабы “Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға” (осы бап бойынша 2019 жылы 98 қылмыстық іс қозғалды) қатысты пікірі жарияланды.

«Бұл нонсенс, бірақ қазір осы бап бойынша сот процестерінде кінәны анықтаудағы негізгі жағдай эксперттер – лингвистер, филологтар, саясаттанушылар, дінтанушылардың қорытындысы болып отыр. Бұл дұрыс емес. Бұл ретте осы бапты қолданып келе жатқан көп жылдар ішінде осы бап құрамының түсініктемесі әлі жоқ. Бұл тергеушінің және оның экспертизасының еншісінде қалады, сөйтіп сотқа келіп тіреледі. Нәтижесінде 174-бап бойынша сотталғандардың көбісін қазақстандық және халықаралық құқық қорғаушылар “саяси тұтқындар” ретінде классификацияланады, ал бұл құқықтық мемлекет үшін көз жұма қарайтын жағдай емес», – дейді ол.

Осы және тағы бірнеше “саяси” бап жаңа Қылмыстық кодекс қабылданған 2015 жылдан бері қазақстандық құқық қорғаушылар мен халықаралық ұйымдардың наразылығын тудырып келеді. Алайда ерекшелігі, Марат Шибұтов осы жылдың шілде айында президент Тоқаевтың бастамасымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамына кірді.

 Кеңестің өзіне қатысты қазақстандық қоғам көзқарасы екұдай, алайда кеңес мүшелерінің аузынан Ақорданың айтқысы келетіні айтылады деген болжам жасауға болады. Ал бұл проблема туралы билік әрекетін жүйелі сынаушылардың бірі оқырманы көп газет беттерінен айтқанын елестету мүмкін емес.

Евгений Жовтис. tengrinews.kz фотосы

Бұған қатысты танымал құқық қорғаушы, Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның басшысы Евгений Жовтис CABAR.asia.asia-ға өз көзқарасын айтады:

“Ұлттық қоғамдық келісім кеңесі қоғамның белсенді бөлігінің наразылығын тудыратын және ел ішіндегі құқық қорғаушылар мен халықаралық ұйымдар үнемі сынға алатын заңнаманың бірқатар баптары мен бірқатар тәжірибелерін өзгертуге қатысты белгілі бір оң ниеттерін көрсетуге тырысып жатыр. Ал бұл қалай жүзеге асады, бұл екінші мәселе, себебі басқа заңдармен қатар бұл бапты билік қоғамдық пікірді дүрліктіретін жекелеген адамдардан немесе жиындардан өзіне қауіп-қатер көрген кезде дәлме-дәл көздеп қолданатын қолбасшылық ордасының өзіндік ресурсы ретінде пайдаланады”, – дейді ол.

Жовтистің айтуынша сондықтан да күш органдары “дұрыс бастаманың” “саяси оппозициямен және өзгеше ойлаумен күресте шексіз мүмкіндіктерден” айыруына жол бере қоймайды.

Адвокат Бауыржан Азанов CABAR.asia үшін берген комментарийінде бірнеше кейсті қандай да бір өзгерістің бастауы дегенге күмәнмен қарайтынын айтады. 

“Тыйым салынған әдебиетті сақтау бойынша менде бірінші рет болды” Бұрын басқа «діни» баптар бойынша істер тоқтатылған, бірақ біздің өмір сүріп жүрген жағдайымызда бұл бап бойынша істің тоқтатылуы ақталумен пара-пар. Дегенмен бұл қандай да бір белгі, жылымықтың бастауы деп ойламаймын. Бұл тек ережеге сыймай қалған бір жағдай ғана. Таяуда ғана Қостанайдан хабарласты, ол жақта 174-бап бойынша (“алауыздықты тудыру”) кезекті істі қозғады”, – дейді ол.

Әлем болып жабылып

Биыл мамыр айында Қазақстанға БҰҰ-ның Терроризммен күрес шарттарында адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін қорғау және ынталандыру мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Фионнуала Ни Аолаин келіп кетті. Оның жасаған алдын ала қорытындылары тым қатаң болды:

«Арнайы баяндамашы ұлттық заңнама мен құқық қолдану тәжірибесінде “экстремизм” терминін қолдануға қатысты айырықша алаңдаушылығын білдіреді. (…)

Арнайы баяндамашының ведомствосы бұрынырақ “экстремизм” термині зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмге қарсы күш стретегиясының бір бөлігі ретінде емес, өздерінің жасаған қылмысы ретінде қолданылуына қатысты алаңдаушылық білдірген еді.

Арнайы баяндамашының ойынша Қылмыстық кодекстің 174-бабын, 179-бабын, 405-бабын және басқа да баптарын қолдану да алаңдаушылық тудырады. 

Арнайы баяндамашыға сот санкциясынсыз анықтаудың ешқандай шаралары қолданылмайтыны айтылса да, арнайы тергеу амалдары кезінде, соның ішінде терроризм мен экстремизм бойынша істер жүргізу кезінде “провокаторларды” қолдану жөнінде жеткен бірнеше өтініштерге байланысты алаңдаулы».

Арнайы баяндамашы 174-бабқа арнайы тоқталды. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру көбінесе азаматтық қоғам активистеріне қарсы, әсіресе діни ұйымдарға қарсы жиі қолданады. Баптың жалпылама түрде бұлыңғыр негіздемелерде өшпенділікті қоздыруға қылмыстық сипат береді және азшылық топтардың өкілдеріне шынайы қорғанысты қамтамасыз етпейді».

Республикада дін еркіндігінің жоқ екендігі туралы биыл қараша айының 7 күні БҰҰ-да Қазақстан Универсалды мерзімді шолу аясында өз есебін ұсынғанда айтылған болатын.

Дания, Ұлыбритания және АҚШ өкілдері Нұр-Сұлтанның орындалмаған уәделері туралы қайтадан әңгіме қозғады. БҰҰ өткен жолғы экспертінің баяндамасынан соң Қазақстан Республикасына өзге ұсыныстармен қатар ар-ождан еркіндігіне құқықты сақтауға байланысты төрт ұсыныс берді. Өз жауабында қазақстандық билік қоғамдағы діни толеранттылық туралы және астанада Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съездін өткізетіні туралы айтты, бірақ заңнаманы халықаралық талаптарға сәйкестендіру туралы жақ ашпады.    

Жалпы Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан Қазақстанға адам құқықтарының сақталуына қатысты бірқатар претензиялар жиналуы мүмкін.

БҰҰ Адам құқықтары мен азаптауларға қарсы комитетіне діндарлар құқын мемлекеттің бұзуына қатысты онға жуық шағым түскен. Дегенмен христиан немесе кришнаиттерге қатысты іс болғанда ресми Нұр-Сұлтан ратификацияланған міндеттемелерге қарамастан, БҰҰ конвенциялық органдарының принципиалды орындамау тәжірибесінен ауытқуы мүмкін. 

Біріншіден, Батыс тарапынан қысым әсер етуі мүмкін, екіншіден, заң бұзушылықтар мемлекет тұрғысынан алғанда соншалық елеулі емес (мысалы, елден депортациялау айыппұл салу).

Осы себептерге байланысты екі тұтқындалған протестант БҰҰ Өздігінен тұтқындау жөніндегі жұмыс тобының және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің тиісті шешімдері шыққан соң сыпайы сылтаулармен босатылды.  

Жасұлан Сүлейменов. currenttime.tv фотосы

Және бір кері мысал – БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің арбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ террористік ұйымды басқару айыбы бойынша колонияда сегіз жыл отырған Жасұлан Сүлейменовке қатысты жалғыз шешімі. 

БҰҰ ол тұтқындалған соң азапталуының және коллонияда оған қатысты қарым-қатынастың қатал болуының дәлелін толық таныды.

Алайда Қазақстан Республикасы сот шешіміне енгізу үшін оған жасалған азаптау дәлелдерінің жеткіліксіздігін сылтауратып басынан кешкен азаптары үшін өтемақы төлеуден бас тартты.

“Қазіргі режим кезінде адам құқықтарын қорғау саласында және соның ішінде дін еркіндігі бойынша айтарлықтай өзгерістер болады дегенге сенбеймін. Құқықтық бассыздыққа наразыларға қатысты жасалған қысымдар мен жалған айып тағыл жатқан елдегі жағдайға әлемдік қауымдастық реакциясын қараудың өзі жеткілікті. Бұдан мүлдем алыс болса да бұл жүйенің жазалау машинасына түсіп кеткендер де бар”, – деп бұрын тұтқындалған Жасұлан Сүлейменов CABAR.asia-мен өз көзқарасын бөлісті.   

Ол жүйенің жазалау машинасының аузынан өтіп жағдайды жан-жақты көре алады, ал қазір адам құқықтарын қорғаумен айналыса бастады.


Бұл мақала IWPR «Орталық Азиядағы тұрақтылыққа бағытталған ашық диалог» жобасының аясында әзірленді 

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Spelling error report
The following text will be sent to our editors: