© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

Түркістан – Қазақстанның бірегей діни орталығы

Түркістан – қазіргі аумағы бұрын суфизмның орталығы болғанына қарамастан, Қазақстанның бірегей діни орталығы, мұнда исламмен бірге өзге де конфессия өкілдері таным-тынысын арттырып, бейбіт өмір сүріп келеді.


Подпишитесь на наш канал в Telegram!


Футбол бірлікке бастайды. Дәл осы ұғым-сөз Қазақстанның Оңтүстік аймағындағы қала – Шымкентте өтіп жатқан жолдастық матчтқа дөп келеді. Футбол алаңына түрлі діни бірлестіктер өкілдері жиналды: бір күнге имамдар мен протестанттар шіркеуінің қызметшілері кәнігі аяқдопшыларға айналып, ең үздік құрама болуға талпынып жатыр.

“Біз әртүрліміз. Байқап қарасаңыздар, біріміз – сұңғақ бойлы, екіншіміз – аласамыз. Толықтау және жүдеулеріміз де бар. Жандүниеміз бен түр-тұлғамыз да бөлек. Соған қарамай, біз бір атаның баласындай, татулықты ту етіп келеміз. Бізді біріктіретін отбасымыз ол – Қазақстан. Бүгінгі спорттық ойынымыз да бұл сөзімнің:бейбітшілік пен мызғымас ынтымақтың дәлелі болса керек-ті”, – дейдi “Свято-Никольский” соборынын дiни қызметшici Александр Могилевский.

Қазақстанда, қазан айында жыл сайын Рухани келісім күні аталып өтіледі. Айтулы дата осыдан 28 жыл бұрын бекітілген. Соңғы мәліметтерге сүйенсек,мемлекетімізде барлығы 18 конфессия мен 3,5 мың діни бірлестік тіркеліпті. Қазақстанның Оңтүстік өңірінде мұсылман діні – дәстүрлі дін болып саналғанымен, бұл түрлі дін өкілдері ең көп қоныстанған аймақ екені тағы бар.

Әр жексенбі күні падре Ариэль рим-католикалық “Сәби Иисус әулие Тереза” атындағы шіркеуіне келіп, Құдайға құлшылық етеді. Бұл күні католиктер кіші шіркеуге сыйыну үшін бұрылып, сосын демалыс күнді бірге өткізеді. Қазіргі уақытта Шымкентте шамамен 200 католизм ұстанушылары бар. Олардың дені – 30-шы жылдары репрессияға ұшыраған неміс, поляк, украиндардың ұрпақтары. Негізінен, католиктердің Қазақтанның Оңтүстік аймағына келуі 1998 жылы басталған.

“Кеңес Одағы кезінде көптеген католиктер Қазақстан аумағына көшіп, қоныстанды. Әсіресе Солтүстік пен басқа да аумақтарға жайғасты. Кейіннен Шымкентте де католиктердің үлкен қауымы бар екені анықталды. Олар мұнда өте көп екен. Сол кезде олар Астанадағы Епископқа барып, католикалық шіркеуге қызметкер жіберуді өтінді. Араға уақыт салып, олар шіркеуді тіркетіп, ол ресми жұмысын бастады”, – дейдi “Сәби Иисус әулие Тереза” атындағы шіркеуінiң дiни қызметшici Кристиан Ариэль Альварез.

Шымкенттегі католикалық шіркеуге келушілер жәй болса да, күн санап қатарлары артып келеді, – деді падре Ариэль. Олай болуының себебі де жоқ емес, яғни дінді ұстанышулар бұған дейін Шымкентте католиктерге арналған арнайы сыйыну орны бар екенін білмей келіпті. Сондай-ақ, шіркеуде бұрнағы сенім-нанымын ауыстырғандар да бар. Бір жағы – титулды ұлттың католизмге келуі де кемде-кем.

“Маған мұнда ұнағаны – достар, жағымды орта. Олар өте мейірбан, жанашыр жандар. Сонысымен баурады. Одан кейін ұстанатын діні қызықтырды. Мен дінге өзім бет бұрып, өзім келгеніме қуанамын. Алғашқы кездері достарым, сыныптастарымның ешқайсысына айтпадым, жасырып жүрдім. Ал қазір жасым үлкейген соң, дос-жаран, анам бәрі де біледі, тиісінше мені қолдап жүреді”, – дейдi “Сәби Иисус әулие Тереза” атындағы рим-католик приходы жергiлiктi дiни бiрлестiгiң келушici Луиза Шакирова.

Христиандық-протестанттық пресвитериандық шіркеу«Авен-Езер» – Қазақстанның оңтүстігіндегі біреу ғана емес. Шіркеуді пастор Парасат басқарады. Шырақшының айтуынша, Шымкенттегі шіркеу мен оған келушілер қоғамнан ешқандай қысым көрмейді. Бұған қарамай, олар өздерінің сенімдеріне назар аудартқанды жақтырмайды, журналистермен әңгіме өрбітуден қашады.

Тұрсынбай Әуелбеков Құдайға құлшылық ету жолына жас кезінен келген. 26 жасында туған-туыстың түсініспеушілігіне тап болып, ашық қысымға ұшырапты.

“Қайын атам менің ұстанатын дінім үшін жиі сөгетін, ұрысатын. Бірақ мен ешқашан оған кек сақтап, ренжіген емеспін. Қайта оған көмектесіп, қол ұшымды созамын. Мен алғаш үйленгенде әйелімнің отбасы мені тіпті қабылдағысы келген жоқ. Олар біздің діни наным-сенімімізді балағаттап, тіл тигізді. Біраз уақыт өткен соң олар өзгерді. Себебі менің жүріс-тұрысымды көріп, дұрыс өміріме қарап, қайын атамның құрметі артты”, – дейдi Тұрсынбай Әуелбеков.

Біздің мақсатымыз бір – адамдар қай дінді ұстанса да, олардың діни наным-сенімін дұрыс қалыптастыру.

Көпдінділіктің арқасында Шымкентте бірегей ауызбіршілігі артқан орта қалыптасқан. Конфессия мен түрлі діни бірлестіктердің өкілдері Рухани келісім күні ғана кездесумен шектелмейді, басқа күндері де игіліктің жолында өзара бір-бірін қолдап, қуаттап жүреді. Діни қызметкерлер қайырымдылық шараларын да жиі қолға алады. Мәселен, жыл сайын 18-ші қазанда мұсылмандар, католиктер, православтар және конфессияның өзге де өкілдері өзара құрмет-достығы жарасып, кездесу өткізеді.

“Негізі түптеп келгенде, біздің мақсатымыз бір – адамдар қай дінді ұстанса да, олардың діни наным-сенімін дұрыс қалыптастыру. Құдай – жалғыз. Мен өзге өңірлердегі католик-шырақшылармен сөйлесіп, біздегі ұйымдастырылатын кездесулер мен игі жоба-жұмыстар туралы айтып бердім. Ал олар өздерінде ондай қарым-қатынастың жоқ екенін айтып, таң қалды”, – дейдi “Сәби Иисус әулие Тереза” атындағы шіркеуінiң дiни қызметшici Кристиан Ариэль Альварез.

Мир и взаимоуважение

Ислам дінінің заманауи Қазақстанға енуі оңтүстік аймақтан басталған, анығы – Түркістан облысынан. Оның астанасы Түркістан қаласы – Қазақстанның көне әрі тарихы тұнған қалаларының бірі, дінтанушы, пәлсапашы Қожа Ахмед Ясауидің арқасында суфизмнің орталығы болған. Кейіннен сол аймақтан тарихи тұлғаның құрметіне мавзолей салынып, мешіт көтерілді.

Бүгінде бұл кешен иісі мұсылман қауымға «Хазрет Сұлтан» атауымен белгілі. Дей тұрғанмен, бұл өңірдегі Исламның кеңінен қанат жаюы – өзге діндердің өркендеуіне еш кедергісін келтірген емес.

“Шымкенттің орталық мешіті және 17 конфессия өзара тығыз қарым-қатынастамыз. Кей кездері бір-бірімізге қонаққа барамыз. Көптеген мазмұны мол семинарларды бірлесіп өткіземіз. Түрлі мерекелерімізді де ұмыт қалдырмай, тиісінше бір-бірімізге құттықтау хаттарымызды жолдап отырамыз. Бұдан бөлек, спорттық жарыстар да өткізіп келеміз. Онда әр дін өкілдері өз командаларымен келіп, сайысқа түседі. Міне, сондықтан да конфессиялар арасында құрмет пен ынтымақ патшалық құрады”, – Шымкент қаласы бас имамының орынбасары дейдi Мухамеджан Естемиров.

Түркістан облысына христиан дінінің кіруі сауда-саттық жолымен астасады. Ұлы жібек жолы салтанат құрған ғасырда бұл өңірге дін таратушылар да келе бастаған. Сол кездерде алғашқы буддизм мен өзге діндерді ұстанушылар да шаhарға ат басын бұрған. Ал кейіннен Ресей империясымен бірге мұнда православ келді. Қазір христиан діні -Қазақстандағы діни сенім бойынша екінші топтан табылып отыр.

“Бізге храмға мұсылмандар мен өзге де дін өкілдері келе береді, бірақ біз оларға не үшін келдіңдер деп сұраған емеспіз. Тіпті ұлты мен дініне қатысты сауал туындамаған. Егер көмек қажет болса, міндетті түрде қол ұшын созамыз”, – дейдi православиелiк шіркеуінiң дiни қызметшici Григорий Коновалов.

Сондай-ақ, Қазақстандағы христиандықтар Наурыз мерекесін тойлап, Ораза айтта айттап, үйді-үйді аралап қонаққа барады. Ал мұсылмандар Пасханы атап өтіп, крещендік шомылуда суға сүңгиді.


Данная статья была подготовлена в рамках проекта IWPR «Стабильность в Центральной Азии через открытый диалог».

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Spelling error report
The following text will be sent to our editors: