Без рубрики
Идеологиялық төңкеріс, сән қуу, тұрмысқа шығудың жолы ма әлде ақылы флешмоб па? Осы себептер қазақстандық әлеуметтік желілердегі жаңа құбылысты түсіндіре бастады: Instagram желісінде инстабикелер деп аталатын үлкен аудиториясы бар қыздар хиджаб кие бастады. CABAR.asia «жаппай оранудың» артында не немесе кім тұруы мүмкін екенін анықтады. (more…)
Қазақстанның мәселесі, басқа да посткеңестік елдер сияқты, дін априори қауіпті, атап айтқанда, саяси құрылым мен мәдени бірегейлікке қауіп төндіреді деген сенімде дейді сарапшылар. Осыған байланысты дін саласындағы заңнамада діндарларды кемсітетін нормалар бар. (more…)
Оралда орыс православие шіркеуінің ескі сенушілер қауымы сақталған. Қауымда ресми түрде 50 адам бар, бірақ тауап етуге бірнеше есе аз келеді. Діндарлар 1888 жылы салынған шіркеуін өз қаражатына жөндеп, ХVII ғасырға дейін болған орыс православие шіркеуінің дәстүрін сақтайды және қазақ билігіне қысым көрсетпегені үшін алғыс білдіреді. (more…)
Оқушылардың хиджаб киіп, орамал тағуы Қазақстан қоғамын қақ жарды. Біреулер діни баскіимдерді киюді шектеу деп таныса, енді біреулер мұндай әрекетті зайырлы мемлекетке тән қалыпты жағдай дейді. Ал үшіншілері мектепке жарайтын орамал моделін жасап жатыр.
Батагөз Темирбаева өз шіркеуінің келушілеріне Батагөз пастырь деген атпен танылған. Оның «Пресвитерианство» христиандық-інжілдік орталықта шіркеу басшысы боп істеп жүргеніне 15 жыл болған. Жалпақ тілмен айтқанда, ол Көкшетаудағы пресвитериандық шіркеуде пастырь болып жұмыс істейді. Кеңестік дінмен күресуші адамның қызы қалай дін жаршысы атанғаны, әйел пастырьлерге қатынас пен ерлер айтқан уағыздың әйелдердің уағызынан айырмашылығы неде екенін білу үшін CABAR.asia материалын оқыңыз. (more…)
Соғыс және бейбітшілік репортаждары институты (IWPR) «Құқықтық медиа орталығы» және «Қазақстанның діни бірлестіктері қауымдастығы» мамандарымен бірлесіп Қарағанды және Шымкент қалаларындағы мемлекеттік қызметшілерге, сарапшыларға, діни қоғамдастықтар өкілдеріне арналған екі брифинг-кездесу ұйымдастырды. Аталған Іс-шаралар Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің және жергілікті дін істері басқармаларының қолдауымен өтті. (more…)
Қазақстандықтар, әдетте, діни нанымдарды «мұраға алады». Ата-анасы мұсылман болса, балалары да ислам дінін ұстанады. Ересектер католик болса, онда балалар да сол жолмен жүреді. Бірақ дінді «мұрагерлікпен» таңдамайтындар да бар. (more…)
Қазақстандағы діни уағызшылар аудиториясын кеңейту үшін әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланады. (more…)
Медиада тәңіршілдікті кейде дін, кейде көшпенділердің философиясы деп атайды. Тәңір құдайларының саны да «таңдаулы компонент», олар мақала сайын өзгеріп отырады. Қазіргі тәңіршілдер кімдер, неге сенеді және олар далалық ата-бабаларынан несімен ерекшеленетіні туралы CABAR.asia материалында.
(more…)
Қазақстанда Қылмыстық кодекстің «діни» баптары бойынша сотталғандардың мерзімінен бұрын бостандыққа шығу мүмкіндігі аз, тіпті бостандыққа шыққаннан кейін де оларға қосымша соттан тыс жазалар қолданылады. (more…)
Spelling error report
The following text will be sent to our editors: